Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны
Учебные материалы


Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны



Карта сайта

Загрузка...

Қаржы менеджменті түсінігі ағылшын тілінен аударғанда «financial managеment» - қаржыны басқару деген мағынаны білдіреді. Қаржы менеджменті ұғымы кәсіпорынның ақшалай ресурстарын басқаруды сипаттайды. Қаржы менеджментінің экономикалық мәні кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жетуде қосымша қаржы ресурстарының ең оңтайлы көздерін тартып, оларды неғұрлым ұтымды етіп пайдалануға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқарудан көрінеді.

Кәсіпорындағы қаржы менеджменті қаржылық және коммерциялық есептілікті, қаржы құралдарын, тәуекелді бағалауды, қаржылық жағдайды талдау мен қаржыны ағымдағы басқаруды, ағымдағы және перспективалық қаржылық жоспарлауды, ӛндіріс шығындарын, активтер мен ақша қаражаттарын, инвестициялауды, дивидендтік саясатты, баға белгілеуді бақсаруды және т.б. қызмет аспектілерін қамтиды.

Қаржы менеджментінің басты мақсаты – кәсіпорынның (акционерлер ҥшін акцияның нарықтық бағамын максималдау) нарықтағы құнын мейлінше арттыру. Дегенмен барлық кезде пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның нарықтық қҧнын арттыру мүмкін емес. Мәселен алынған жоғарғы пайда ағымдағы қажеттіліктерді қаржыландыруға толықтай жұмсалып, нәтижесінде кәсіпорынның дамуына қажетті меншікті қаржы құралдары қалмауы мҥмкін. Сондай-ақ максималды пайдаға жоғары тәуекел жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Ал ол кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әсер етеді. Сондықтан нарықта пайданы мейлінше арттыру қаржылық менеджменттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қаржы менеджменті қаржыны басқару ғылымы ретінде шаруашылық субъектісінің стратегиялық және тактикалық мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталады. Қаржыны басқарудың тактикасы нақты жағдайдағы алға қойылған мақсаттарға жетуді меңзейді. Яғни ағымдағы қызмет барысында шығындарды азайту, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, еңбек өнімділігін көтеру, өндіріс пен айналыс шығындарын ұтымды жұмсау сияқты міндеттер шешіледі. Қаржыны стратегиялық басқару шаруашылық қызметтің неғұрлым тиімді салаларына қаржы ресурстарын тартудың қолайлы көздерін іздеу мен оларды қайта бөлуге негізделеді. Қаржыны басқарудың басты стратегиялық мақсаты – бұл кәсіпорынды қажетті және жеткілікті көлемде қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.



46)Кәсіпорынның айналым қаражаттары: құрамы, құрылымы және ұйымдастыру қағидаттары.

Айналым қаражаты — кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының өндіріс циклі барысында толық пайдаланылатын қаражатының бір бөлігі. Оған ақшамен бағаланған материал, шикізат, отын, энергия т.б. қажетті заттар жатады. Ол сонымен қатар аяқталмаған өндірісті жалғастыру үшін, дайын өнім қорын жасау үшін де жұмсалады. Айналым қаражатының бір бөлігі өндіріс саласында, екінші бөлігі айналымға түседі. Күнделікті өндіріс жағдайында оның бір бөлігі материалдық заттар қорына айналса, тағы бір бөлігі банк есепшотында, кәсіпорын кассасында жинақталады. Құрылым барысына қарай айналым қаражаты кәсіпорынның меншікті қаржысы мен несие қаржысы (банктен уақытша қажетті өтеу үшін алған) болып бөлінеді. Айналым қаражаты кәсіпорынның пайдасы есебінен өсіп отырады. Оны пайдалануды жақсарту, айналымын жеделдету өндіріс тиімділігін арттырудың басты факторларының бірі. Өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының кез келген кезеңінде айналым қаражаты жетпей қалса онда өндірістің үздіксіз өнім шығаруы бұзылады. Қазақстанда 90-жылдары өнеркәсіп салаларына экономикалық шетелдік инвестициялардың мол тартылуы кәсіпорындардың айналым қаражаты тұрақтандыруға, игеруге жағдай жасады. Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады: 1)өндірістік айналым қорлары; 2)айналыс қорлары; Өндірістік айналым қорлары — өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:1) Өндірістік запастар. Оларға — шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады. 2)Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер. 3) Болашақ кезеңдердің шығындары — жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.Айналыс қорлары — запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.

Кәсіпорынның қаржылық жоспары, оның құрамы және құрылымы. Сату көлемінің көрсеткіштеріне пропорциялық тәуелділік әдісі негізінде болжамдау

Қаржыны жоспарлау

– бұл кәсіпорынның қаржы жоспарларын әзірлеу, көрсетілген мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған қызметі.

Қаржыны жоспарлаудың

негізгі мақсаты

– кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің бағытын анықтап, алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін қаражат көздері мен олардың қажетті мөлшерін анықтау.

Қаржыны жоспарлау мазмұны мен міндеттеріне, жасалатын қаржы жоспарының кезеңіне, байланысты мынадай үш түрге бөлінеді:

1. Cтратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау – бұл кәсіпорынның жағдайын қаржылық талдаудың, сыртқы және ішкі ортаның өзгерістерін болжаудың негізінде ұзақ мерзімге кәсіпорынның қаржылық қызметінің стратегиясын жасау.

2. Тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына жетуде қаржы ресурстарын ұтымды бөлуді ұйымдастырады. Мұндай жоспарлау көбінесе бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Кәсіпорын есептік шотқа түсетін нақты кірістер мен қолма-қол қаржы ресурстарының шығысын бақылау үшін кәсіпорын оперативті жоспарлауды жҥзеге асырады.

3. Оперативті (ағымдағы) жоспарлау кәсіпорын мен оның қҧрылымдық бӛлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, бір қалыпты қызметін ұйымдастыру мақсаты мен ағымдағы жоспардың көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол бір жылға дейінгі кезеңге жасалып, мынадай үш негізгі құжатты жасауды қамтиды: ақша қаражаты қозғалысының жоспары; пайда және зиян жайлы есеп беру жоспары; бухгалтерлік баланс жоспары.



edu 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная